Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сенбі, 25 мамыр, 15:33

Тазалық жанашырлары марапатталды

14.05.2024

808

0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақтарды абаттандыру мен көгалдандыруды бастау жөніндегі тапсырмасына сәйкес облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың ауыл-аймақтарда санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізу жөніндегі үндеуіне орай 6 сәуірден бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз мәресіне жетті. Осы ретте аудан әкімі Ардақ Ибраимов акцияға белсене қатысқан бірқатар табиғат жанашырын марапаттады. Табиғат – ананың мейіріміне бөленген бүгінгі белсенді тұрғындарға аудан әкімі шынайы алғысын білдіріп, үлгілі бастамаларға тоқталды.

– Бұған дейін аудан тұрғындарын тазалық жұмыстарына белсене қаты­суға шақыратын үндеулер жарияла­ған болатынбыз. Осы ретте жерлесте­рі­міз­дің басым көпшілігі тазалық жұмыс­тарына белсенді араласты. Алдағы уақытта «Үздік көше» байқауын жа­рия­лап, көшелерімізге де сән бе­ре­міз деген ойдамын. Бұл да аудан тұр­ғындарының Жалағаш ортақ ме­кен екенін түсінгенін және аудан көше­лерінің айнадай таза болуына септігін тигізетінін білдіреді. Қоршаған ор­таның та­залығына жауапкершілікпен қарау, өзі тұратын үйді, аймақты, өл­кені таза ұстау және ағаш отырғызу, оны күтіп баптау әрбір азаматтың елжан­дылық парызы деп білемін, – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.
Белсенділерді марапаттау шара­сын­­да Ардақ Әбдіғаппар­ұлы елімізде су тасқыны орын алған ай­мақ­тарға көмек қолын созған аза­мат­тарға ерекше тоқталды. Тілсіз жау­­ды тізгіндеуде батылдық танытқан бү­­гінгі батырларды құрмет төріне шы­ға­рып, аудан халқы атынан алғы­с білдірді.
«Таза Қазақс­тан» рес­пуб­ликалық ак­циясы ба­ры­сында ауданда «Таза өлке», «Кие­лі мекен», «Жасыл аймақ», «Өне­гелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» ап­та­лықтары аясында экологиялық мәде­ниетті қалыптастыру бағытында бір­қа­тар жұмыстар атқарылды. Мәселен, акцияның «Таза өлке» деп аталған алғашқы аптасында жала­ғаш­тықтар Таң елді мекенінде ағаш отырғызу, санитарлық тазалық жұмыс­тарын жүргізу, аллеяларды және аяқ су келетін арықтар мен каналдарды та­зарту жұмыстарын жүргізді. Акция­ға ауыл ардагерлері, белсенді жас­тар мен еріктілер өз үлесін қосты. Оған елді мекендегі шаруашылық құ­рылымдарынан 20 техника және 360 адам қатысты.

Мұнан кейін «Киелі мекен» апталығында тарихи киелі орын «Түмен әулие» кесенесі аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шараға ардагерлер, ерікті жастар, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Алдымен баба рухына құран бағышталып, кесене күмбезін сырлау, қорым аумағын тазарту, әктеу жұмыстары атқарылды.
Ауданда республикалық және жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштердің саны – 71. Соның ішінде «Түмен әyлие» кесенесі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне енген.
Тарихына тоқтала өтсек, Түмен әулие ХІХ ғасырдың бірінші жартысында (1821-1875 жж) Қаракеткен, Амангелді ауылдық кеңестері, қазіргі М.Шәменов ауылдық округі елді мекенінде туып өскен. Әулиенің қасиеті, кереметтері ел аузында аңыз ретінде әлі күнге дейін айтылып жүр. Түменнің шешесі – жеті өлікке жан берген Мүсірәлі софы әзиздің баласы Қосым қожаның қызы. Өзі туып өскен жерде небәрі 54 жыл өмір сүрген.
Тарихи жазба деректерге сүйенсек, Түмен әулиенің кесенесі 1876 жылы салынған. Аудан тарихы үшін маңызы зор бұл кесенеге 2011 жылы қайта жаңғыртуға респуб­ли­калық бюджеттен қаржы қаралып, қалпына келтірілген.
Мұнан кейін аудан тұрғындары «Жасыл аймақ» апта­лығы аясында «Тағзым» аллеясында тал егу рәсімін өткізіп, санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізілді. Шара барысында аллеядағы Социалистік еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Ауған соғысына, Семей, Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысушылардың құрметіне арналған ескерткіш аумағында талдарды әктеу, санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, көр­кейту-көгалдандыру бағытында 100 түп сыр талы мен терек көшеттері отырғызылды. Сонымен бірге кент көше­леріндегі аяқсу арналары тазартылып, талдар әктелді.
Одан әрі акция «Менің туған өлкем» апталығына ұласты. Акцияға аудан әкімі Ардақ Ибраимов пен облыстық ана­лар кеңесінің төрайымы Райкүл Мансұрқызы бастаған Жалағаштан шыққан, бүгінде Қызылорда қаласында тұратын аза­мат­шаларымыз қатысты. Шара барысында олар «Ақте­рек» сауықтыру лагеріне санитарлық тазалық жұ­мыс­тарын жүргізіп, 300 тал көшетін егіп, 100 ясень ағашы, 100 терек, 100 жеміс ағаштарын отыр­ғызды. Ал «Өнегелі ұрпақ» пен «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында аудан бойынша жаппай сенбілік жұмыстары ұйым­дас­ты­рылды. Кенттің орталық алаңында орналасқан Ұлы Отан соғысынан оралмағандар ескерткіші айнала­сына аудан­дық ардагерлер кеңесі, ақсақалдар кеңесінің мүшелері санитарлық тазарту жұмыстарына белсене атсалысты.
Айта кетейік, биыл көктемгі тазалық айлығы бастал­ғалы ауданда апта сайын сенбілік жұмыстары ұйым­дастырылып, бүгінге дейін 15 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 65 мың тонна күл-қоқыс арнайы бел­гіленген орындарға шығарылған. Сондай-ақ кент және ауылдық округтерде аяқ су жүретін арықтар қазылып, жалғызбасты қариялардың ауласы тазаланып, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағына, орталық көшелерде, аллеялар мен саябақтарда көркейту-көгалдандыру, абат­тандыру жұмыстары жүргізілген.


Ақтоты БҮРКІТБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: