Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сәрсенбі, 16 қазан, 08:59

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

01.10.2024

257

0

Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімшесінің Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің ұйымдастыруымен № 66597 әскери бөлімі, № 35748 әскери бөлімі БШБ әскери қызметшілеріне «Өмірді сақта», «Заң және тәртіп», «Құмар ойынды тоқтат», «Өз-өзіне қол салу», «Мен лудаман емеспін», «Нашақорлық пен алкогольдік ішімдіктерді пайдалану», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық»,  «Қауіпсіз жол» тақырыптары  аясында және  құқық бұзушылық деректерін алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері,  Қызылорда облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің психологының қатысуымен әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін көтеру үшін профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Басқосуда қатысушыларға құмар ойынның адам өміріне зияны түсіндірілді. Сондай-ақ нашақорлық пен алкагольді ішімдікті тұтынудың да зияны айтылды. Департамент мамандары мұндай жаман әдеттердің жалпы қоғам дамуын тежейтінін тілге тиек етіп, мұндай жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Дәл осындай жиын Жалағаш ауданындағы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде де жалғасын тапты. Онда бөлім бастығы Ерсайын Бегімқұлов әлгіндей дүниелерді болдырмау әр адамның өз қолында екенін жеткізді. Сондай-ақ онымен күрескеннен алдын алған кімге болса да тиімді екенін жеткізді.

«ЖЖ» ақпарат 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: