Жедел респираторлық вирустықинфекция (ЖРВИ) — біздің елімізде балалармен ересектердің жұқпалы ауруларының ең көптаралған тобы.
Аурудың көзі тұмаумен ауыратын науқас болыптабылады, ол жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде сілекей мен шырыштыңшашырауымен бірге миллиондаған тұмауқоздырғыштарын ауаға шығарады. Ластанғанауамен тыныс алғанда тұмаудыңқоздырғыштары – вирустар сау адамныңағзасына еніп, ауру тудырады.
Балалар арасында тұмау мен ЖРВИ-мен ауыру жыл сайын ересектерге қарағанда 4-5 есе жоғары. Бұл баланың денесін қорғаудықамтамасыз ететін иммундық жәнеанатомиялық-физиологиялық механизмдердіңжасқа байланысты жетілмегендігінебайланысты. Олар қалыптасқанға дейін бала вирустар мен инфекцияларға сезімтал әрекететеді. Дәрігерлердің бақылауы бойыншабалалар ЖРВИ-мен жылына 5 реттен жиіауырады.
Тұмауратқанда үйден шықпай, көбірекдемалып, жылы сұйықтық (су, шай, компот, морс, сорпа және тағы басқа) ішу керек. Тұмаудың алдын алу үшін қоғамдықорындарда маска тағып , жыл сайын тұмауғақарсы екпе салдырған жөн. Келесідей тәсілдертұмаудың алдын алады:
– науқас адаммен байланыста болмауғатырысу;
– тыныс алуды реттеу, бұлар өкпенің вентиляциясын жоғарылатады, қан айналымы жүйесін жақсартады;
– жеке гигиенаны сақтау, инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жуу;
– жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу;
– бөлменің ауасын жиі тазарту;
– «С» дәрумені бар өнімдерді тамақта қолдану (лимон, бал, таңқурай және тағы басқа);
– көп адам жиналған жерде болмауғатырысу;
Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы Г.Айымбетова
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!