Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде құқықтық көмек көрсету мақсаты болып табылатын «Adal komek» жобасы оффлайн форматта өткізілуде.
Осы орайда, ағымдағы жылдың қыркүйек айының 30 күні 15:30 уақытта Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі №2 «Е» «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ныңхалыққа қызмет көрсету орталығында халықпен түсіндірме кездесуөтеді.
Отырыстың тақырыбы мен баяндамашысы көрсетілген хабарландырулар әр ай сайын бұқаралық ақпарат құралдарында, Департаменттің www.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.
Шараға қатысу үшін 87079297552 WhatsApp нөмірі арқылы алдын ала жазылу қажет.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!