Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

38°C

, Жексенбі, 12 шiлде, 10:40

Тыл ардагері де сайлаудан тыс қалмады

12.07.2026

4

0

Ғасыр жасаған ананың елдікке деген құрметі бөлек. Бүгін №133 сайлау учаскесіне 90 жастағы тыл ардагері, ардақты ана Жүсіпова Разия әжеміз арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Саналы ғұмырын еңбекпен өріп, елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан Разия әже – көп балалы ана, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері. Бүгінде өнегелі әулеттің алтын қазығына айналған аяулы ананың 26 немересі мен 38 шөбересі бар. Ақ жаулықты ананың сайлауға келуі – ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершіліктің, Отанға деген адалдықтың жарқын көрінісі. Ақылман ананың өнегелі жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болып, ел бірлігі мен берекесінің мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте айшықтай түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: