Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жалағаш кенті орталығындағы сауда үйлеріндегі күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері мен дәріханаларда дәрілердің шекті бағасына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг жұмыстары барысында кент орталығындағы дәріханаларда дисоль, тетрациклин мазьдарының жоқтығы анықталды. Дәріхана меңгерушілері қазіргі уақытта дәрі дәрмектерді жеткізушілермен келіссөздер жүргізіп жатырғанын, алдағы уақытта аталған мәселелердің шешімін табатының жеткізді.
Сонымен қатар, мониторинг жұмыстары барысында «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік» тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттыру» және Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!