Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында «Тал егу» акциясына қатысты.
Наурызнаманың онкүндігі аясындағы науқанға аудан ардагерлері, батыр аналар, белсенді жастар, волонтерлер және аудан тұрғындары белсенділік танытты.
Аудан әкімі жаңару күнінде Жалағаш кентінің кіре берісінен егілген жас көшеттердің бой түзеп өсуі үшін тұрақты қадағалауды тапсырды.
«Тал егу» акциясының ауданымыздың экологиялық ахуалын жақсарту, табиғатқа деген қамқорлықты арттыру маңызы зор.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!