Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Сәрсенбі, 11 желтоқсан, 21:33

Жаңа Премьер-министр республикалық және жергілікті бюджетті тексеруге тапсырма берді

09.02.2024

608

0

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы, экономика министрлерінің баяндамасынан соң Олжас Бектенов республика көлемінде аса маңызы жоқ мәселелерге бюджет қаражатын шығындауды шектеу керек екенін айтты.

«Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек»,  деді Олжас Бектенов.

Cонымен қатар Премьер-министр Салық кодексінің жобасын қайта жазып, оның философиясын өзгерту мәселесін ортаға салды. Ол Салық кодексіне өзгерістер енгізу барысында құжатты дайындауды толық цифрландырып, салық жеңілдіктерін беру мәселесін реттеуді ескертті.

«Сарапшылар мен бизнес қоғамдастықтарының пікірлерін ескеру қажет. Салық кодексі бизнестің белсенді болуына жағдай жасап, оны ұлғайтуға ынталандыруы керек», деді Үкімет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: