Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Дүйсенбі, 06 мамыр, 13:54

Жедел жәрдем жүргізушілерінің
жалақысы қашан көтеріледі?

21.03.2024

45

0

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы қашан көтерілетінін сұрады. «Денсаулық саласына 2 трлн теңге аз, жетпейді деп жатырмыз. Бірақ осы салада ұрланып жатқан да, жымқырылып жатқан да аз емес байқап отырсақ» деген ол саладағы бірқатар кемшіліктерді тізіп берді.

Депутаттың сөзінше, дәрі-дәрмектің шамадан тыс жиналуының өзі 5,5 млрд теңге. Оның 1,3 млрд теңгесі пайдаланылмаған. Тек 24 медициналық ұйымда 4,1 млрд теңге негізсіз шығын болған.
– Екі-ақ қалада жымқырудың өзі 500 млн теңге. Ал енді 700 млн теңгеге сыйақы, айлық жазып алған. Сонда оларда мынадай суммадан кейін артық жазуға болмайды деген заңның шектік мөлшер болмай ма? 700 млн теңгені жазып алғаны масқара ғой, – деді ол.
Қазыбек Иса халықтың ең қажетті дәрілерге қолы жетпей жүргенде шамамен 450 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жойылғанын айтады. Осындай миллиардтар ұрланып, жымқырылып, жойылып жатқанда ол жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы әлі көтерілмегеніне қапалы.
– Жедел жәрдем 24 сағат жүреді. Тіпті жолда жедел жәрдем жүргізушілері таяқ жеп те жүр. Енді осылардың жалақысы қай кезде көтеріледі, – деді ол.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысын көтеру мәселесі жиі көтеріліп жатқанын айтты. Қазір іштен босатылған қосымша қаражаттарға байланысты тарифтерін көтеру мәселесін қарастыратындарын да жоққа шығармады. Ол негізінен кадр саясатына байланысты тиісті тұжырымдама қабылдау керек деп есептейді. Оның ішінде медициналық білімі бар, білімі жоқ және басқа да проблемалар көп екен.

Е.АНУАРҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: