Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Дүйсенбі, 11 қараша, 13:40

Жол құрылысы қарқынды

25.07.2024

87

0

Республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» жолы ұзақ жылдан бері күрмеуі шешілмей келген, халық арасында біраз талқыға салынған мәселелесінің бірі еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аталған автомобиль жолы құрылысын бастауды және жолаушылар қатынасына қолайлы, сапалы етіп салуды тапсырған болатын.

Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облы­сына жұмыс сапарымен келіп, жоба құны 108,5 млрд теңге болатын «Қызылорда-Жезқазған» авто­жолын қайта жаңғырту барысымен танысты. Сыр өңірін елі­міз­дің орталығымен байланыстыратын күре жолдың ұзын­дығы – 424 шақырым. Қызылорда облысының ау­ма­ғындағы 216 шақырымның 140 шақырымы осы жылы аяқталады.
Бүгінде Ұлытау облысының аумағындағы сегіз учас­кенің құрылысымен айналысатын төрт мердігер анық­талған. Оларға биыл күзде жұмысқа кірісу міндеті қойылды. Ал Қызылорда облысындағы учаскелерде құ­рылыс жұмыстары 2022 жылы басталған. Оған ше­телдік және жергілікті компаниялар жұмылдырылған. Бес асфальтбетон зауыты мен алты арнайы ұсақтау қондырғысы жұмыс жасайды. Аймақтағы бес учаскеде құрылыс қарқынды. Мердігерлерге 140 шақырымды биыл аяқтау міндеттелген. Бүгінде Қызылорда облы­сындағы жол учаскелеріне 120 шақырым жаңа асфальт төселді. Құрылысқа 900 маман және 450 арнайы тех­ника жұмылдырылған.
Сонымен қатар кездесуде республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының Қызыл­орда қаласынан Ақтөбе облысы бағытындағы 566 ша­қырым бөлігін 4 жолақтыға (I-б техникалық санатқа) ауыстыру мәселесі де қаралды. Жобалау-іздестіру жұ­мыс­тарын, техникалық-экономикалық негіздемесін, мер­дігерді осы жылы анықтау және жөндеу жұмыстарын 2025 жылдың 4 тоқсанында бастау жоспарлануда.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: