Аққыр ауылдық округіндегі №140 сайлау учаскесінде дауыс беру жұмыстары жоғары белсенділікпен өтуде. Таңнан бері өз таңдауын жасауға келген тұрғындардың қарасы қалың. Бұл ауыл жұртшылығының елді мекеннің дамуына бейжай қарамайтынын көрсетеді.
Сайлау учаскесіне жүзінші болып келген ауыл тұрғыны Ләззат Сүлейменова өз таңдауын жасап, ұйымдастырушылар әзірлеген арнайы сыйлыққа ие болды.
– Әрбір азаматтың дауысы маңызды деп есептеймін. Сондықтан сайлауға үнемі қатысуға тырысамын. Бүгін жүзінші сайлаушы атанып, арнайы сыйлық алғаныма қуаныштымын. Ең бастысы – ауылымыздың болашағы үшін өз таңдауымды жасадым, – деді Ләззат Сүлейменова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!