Абай облысы «Семей орманы» маңындағы Беген орман шаруашылығынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы ТЖД «Семей орманы» МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар).
«Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары : облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді. Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді. Қазіргі уақытта «Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды», делінген хабарламада.
Айта кетейік ауа температурасы +28 градус. Өрттің жанында қазіргі уақытта «Шошқала» демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ықтимал түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!