Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сәрсенбі, 06 қараша, 12:14

Аламесектік ағайындар да сайлауда белсенді

20.11.2022

602

0

Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердің бірі Аламесек ауылдық округінде де сайлау учаскесіне келген халықтың көп екенін байқау қиын емес. Елді мекендегі мәдениет үйінде орналасқан №151 сайлау учаскесіне таң атысымен өз таңдауын жасауға асыққан елдің санынан белсенділік байқалады. Сайлау учаскесінің төрағасы Әбдіқайыр Әйтімов бүгінгі саяси науқанда жергілікті халықтың белсенділігін жоғары бағалап отыр.

– Таңғы сағат 7.00-ді күтіп кезекте тұрған ауыл халқын көріп қуанып қалдым. Бұл аламесектіктердің ел болашағына бейжай қарамайтынын аңғатрса керек. Бағалы сыйлықтарға ие болған сайлаушыларымыз да жоқ емес. Мәселен, бірінші келген сайлаушы, ең жас сайлаушы, ең үлкен сайлаушы және әрбір жүзінші келген сайлаушыларға бағалы сыйлықтар табыстадық, – дейді төраға Әбдіқайыр Әйтімов.

Айта кетейік, Аламесек ауылдық округінде барлығы 964 сайлаушы бар. Сағат 10.00-ге дейін сайлаушылардың 40 пайызы өз таңдауын жасап үлгеріпті. Осыдан-ақ шалғай ауылда саяси науқан жоғары деңгейде өтіп жатқанын аңғарамыз.

Таң атысымен сайлау учаскесіне асыққан ауыл тұрғыны Айнагүл Аймырзаева 964 сайлаушының ішінен бірінші болып өз таңдауын жасаған. Ол бұған дейінгі саяси науқандарда да белсенділік танытыпты. Сондай-ақ сайлауды мемлекет болашағы үшін маңызды шешім қабылдайтын сәт деп біледі.

– Түсінген адамға расында солай. Сайлау – мемлекет болашағы үшін маңызды шешім қабылдайтын сәт. Осы сәтті құр жібермей өз таңдауымды жасадым. Ауыл халқының белсенділігін өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Елдің ертеңіне алаңдайтын кез келген адам осылай болуы керек деп ойлаймын. Таңмен таласып келген халық дауыс беруге асық. Мен де елмен бірге өз таңдауымды жасадым, – дейді ауыл тұрғыны.

Аламесекте ең қарт сайлаушы 93 жаста екен. Ауыл тұрғыны, ардақты әжеміз Рахима Абызбаева өз үйінен дауыс береді. Оған сайлау учаскесі тарапынан барлық жағдай жасалған.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: