«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 шілдеде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның батысында, солтүстігінде, қиыр шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады. Нақтырақ айтқанда, жаңбыр жауып, елдің батысында нөсер жауын жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал елдің қалған аумағында күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде тұман болады.
Алматы облысының басым бөлігінде және Ұлытау, Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында және Абай облысының оңтүстігінде 35-38°с қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары жоғары болады.
Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!