Жалағаш кенті мен Мақпалкөл ауылдық округінің тұрғындары әкімдер сайлауы барысында жоғары белсенділік танытуда. Таң сәріден бастап көптеген азаматтар өз учаскелеріне келіп, дауыс беруде. Әсіресе, аға буын өкілдерінің белсенділігі жоғары. Себебі әр тұрғынның дауысы – ел тағдырына қосқан үлесі. Сондықтанда олар жастарды да бүгінгі саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырды.
Қазіргі уақытта сайлау учаскелеріндегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Сайлау процесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылып, өтіп жатыр. Байқаушылар мен комиссия мүшелерінің қатысуымен дауыс беру рәсімі ашық әрі заң талаптарына сай жүргізілуде.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін сайлау учаскелерінде қандай да бір заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!