Бұқарбай батыр ауылының тұрғыны 86 жастағы Саменов Төлеп ақсақал мен Таң ауылының тұрғыны 89 жастағы Жанибеков Болатбек ақсақал таңмен таласа бастау алған саяси науқанда өз таңдауын жасап, ауылдастарына үлгі болды.
Қарт сайлаушылар әр азамат ел ертеңі, береке-бірлігі мен ауыл тұрғындарының өрісті өмірі үшін дауыс беруге мүдделі екенін жеткізді.
Елге ортақ науқанда төбе көрсеткен сайлаушы қарттарымызға сайлау өз дәрежесінде өтетініне сенім білдіріп, ақ баталарын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!