Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Дүйсенбі, 31 наурыз, 14:40

Мемлекеттік тіл – елдің басты байлығы 

28.03.2025

168

0

Мемлекеттік тіл кез келген елдің басты байлығы екеніне ешкімнің таласы жоқ. Тіпті ол мемлекет тәуелсіздігінің басты нышаны десе де болады. Қазақстан да мемлекеттің тілдің қолданыс аясын кеңейтуде тәуелсіздік жылдардың басынан бері нақты шараларды қолға алды. Себебі мемлекеттік саясаттың да басты бағыттарының бірі осы ана тілді жан-жақты дамытуға негізделген. Сондықтан біздің қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі де бірегейі болып қала береді. 

Жаңа елімізде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кейтуге нақты шаралардың қолға алынғанын айттық. Соның нәтижесі болар, бүгінде мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы айтарлықтай кеңейген.

Асылы, мемлекеттік тілге деген құрмет сол елдің әрбір азаматында болуы тиіс. Тіпті оны өз анасына, ұлтына, Отанына деген құрмет деп білуіміз керек. Әр адамда мемлекеттік тілге деген осындай жауапкершілік болса, оның қолданыс аясы өздігінен кеңейері сөзсіз. Ал ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. 

Иә, қазақ тілі – елдің рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған баға жетпес асыл мұра десе де болады. Бабаларымыз айтқандай, барлық асыл зат тозады, жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең қымбат мұра. Бірақ елдің әрбір азаматы оның қадірін білгенде ғана біз оның бағасына жетеміз.

Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткен жөн секілді. Неге десеңіз, қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Бізге мемлекеттік тіліміздің халықаралық мәртебесін көтеруге жұмыс жасау керек. Бұл – өркениетке жетудің басты кепілі. Сондықтан тіл мәселесі күн тәртібінен түспейді.

Жалпы мемлекеттің тілдің қадір-қасиетін сөзбен тауысу мүмкін емес. Міне, осының өзі оған деген құрмет те жоғары болуы керектігін айғақтайды. Бастысы, әрбір қазақстандық оны сезінуі тиіс. Сонда ғана ана тілге, жалпы мемлекеттік тілге деген құрмет жоғары болары анық.  

Салтанат КӘЛМЕНОВА,

АПБ-ның тәрбие және кадр жұмысы

тобының инспекторы,

полиция майоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: