ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Бюджет кодексінің талқылауға қатысты бірінші оқылымда Назарбаев Зияткерлік мектебі (НЗМ) мен Назарбаев Университетін (НУ) мемлекет есебінен қаржыландыруды тоқтату ісін қызу талқыланды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа Бюджет кодексін әзірлеушілер аталған ұйымдарды мемлекеттік мектептер мен университеттермен тең деңгейде қаржыландыруды ұсынған. Ал НЗМ мен НУ өкілдері бөлек қаржыландырудың арқасында жоғары сапалы білім мен тиімділікті қамтамасыз ететінін айтып ақталған.
Егер жаңа Бюджет кодексіне енгізілген түзетулер қабылданса 2025 жылдан бастап НЗМ мен Назарбаев Университетіне арнайы артықшылықтар берілмейді.
2022 жылы Назарбаев Қорының экс-президенті, бұрынғы Білім министрі Аслан Сәрінжіпов Назарбаев Қорының капиталының, активтері мен кірістерінің бірден-бір бенефициарлары НУ және НЗМ екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, қордан басқа ешкім, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев кіріс ала алмайды, бұл оның жарғысында көрсетілген.
«Назарбаев Қорын» құрудың мақсаты мемлекеттік қаржыландыру қысқарған жағдайда НУ және НЗМ қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету болды.
– Құрылтайшысы ҚР Тұңғыш Президенті болып табылады және жеке заңды және жеке тұлғалардың қайырмалдықтары арқылы қордың капиталы шамамен 1 миллиард долларды құрады. Алайда, Жарғыға сәйкес, құрылтайшы бірінші президент тұлғасындағы қор тек қамқоршылық кеңес мүшелерін тағайындау құқығымен шектеледі және бенефициар бола алмайды. Олар тек НУ және НЗМ болуы мүмкін, – деген болатын Аслан Сәрінжіпов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!