Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сейсенбі, 15 қазан, 11:36

Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету керек – Әлихан Смайылов

03.10.2022

331

0

Үкімет үйінде өткен кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырмалар берді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-Министр Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының негізгі тәсілдерін мақұлдағанын, оның шеңберінде 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланғанын еске салды.

«Ұлттық жобаны іске асыруға жедел кірісуіміз керек. Алайда бүгінде өңірлердегі 143 мектептің жер учаскелерін анықтау бойынша сұрақтар шешілмеген. Бұл жұмысты барынша тездету қажет: қазан айының соңына дейін құрылысы 2023 жылы және жыл соңына дейін 2024 жылға жоспарланған мектептер бойынша мәселені шешу керек»,  деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол оқу процесін цифрландыруды тездету қажеттігін атап өтті.

«Осыған байланысты оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету және балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет. Әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға алу керек. Атап айтқанда, “Қазақстан халқына” қорымен бірлесіп, оларды ауылдық мектептердің балалары үшін сатып алу мүмкіндігін пысықтау керек», деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Кеңес соңында ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп, еліміздің барлық мектебін сапалы, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: