Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 02:30

Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы аудан ардагерлерімен кездесті

03.11.2022

478

0

Бүгін Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов Жалағаш ауданының ардагерлерімен арнайы кездесті. 

Кездесуді Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов жүргізіп отырды. 

«Қазақ халқының басқа ұлттар мен халықтардан бөліп қарайтын ерекше қасиеті – біз қай заманда да қарттарын сыйлаған, ақсақалды аталары мен ақ жаулықты аналарын құрмет тұтып, алдарынан қия өтпеген халықтың ұрпағымыз. Біз қашанда қарттарымызды қадірлеп, үлкенді ардақ тұтып келеміз. Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі. Сіздерге қарап, кейінгі ұрпақ жетіліп, жаңа заманға сай сол істерді жаңғыртуда. Ақылы – дария, білімі – теңіз, өмірлік тәжірибесі мол Сіздерден тәлім – тәрбие алған іні-қарындастарыңыз, балаларыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастырып келеміз. Сіздер әрдайым арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, Тәуелсіз елімізді дамытудағы іргелі істерді бірлесе атқаратындығымызға сенімім мол», – деді Асқарбек Есжанов өз сөзінде. 

Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев сөз алып, облыс, аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Ұсыныс-пікірлерді жеткізді. 

Жиында аудан әкімі Асқарбек Есжанов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиевке «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерекелік медалін, Аққұм ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қосым Жүсіпбекұлына облыстың ең жоғары марапаты Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасын табыстады. 

Серік Дүйсенбаев аудан ардагерлері Кенжеғара Сүлейменовке «Қызылорда облысының Құрметті ардагері» төсбелгісін, Қанымкүл Шахановаға облыстық ардагерлер кеңесінің «Құрмет» грамотасын табыс етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: