Қазіргі таңда ауданымызда көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығы өткізілуде. Осы жұмыстарды жүргізу барысында көшелер мен аулаларда қалдықтар мен қоқыстар жағылуда. Жанған қоқысқа салғырт қарау себепті жақын орналасқан тұрғын үйлерге және қоршаған ортаға тілсіз жаудың орасан зор шығын алыпкелуі әбден мүмкін.
Осы орайда, сенбілік жұмыстары және аула тазарту кезіндегі сақталуға тиісті қарапайым өрт қауіпсіздік шараларын естеріңізге салайық.
Көше бойындағы арық ішіне жиналған қоқыстарды жинап қоюға, өртемеуге себебі жиналған қоқысты арнайы автокөліктердің көмегімен тиісті орындарға шығарылады;
Тұрғын үй ауласын тазарту жұмыстарын жүргізу барысында қоқыс қалдықтарын бақылаусыз өртемеу;
Қоқысты жанғыш заттарға жақын жинамау және ауа-райының желді күндері жағуға тыим салу;
Аулаға жиналған қоқысты жағу кезінде ғимараттар мен тұрғын үйлерден арақашықтықты сақтау;
Аулаға жиналған қоқысты өртемес бұрын жақын және қолжетімді жерге ыдыстарға су құйып қоюға;
Жиналған қоқыс қалдықтарын түрлі сұйық отындар көмегімен тұтатпау;
Жанған қоқысты міндетті түрде су шашу арқылы сөнгендігіне көз жеткізген жөн.
Қоқыс жағу және өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі ереже талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 336 және 410 бабтары бойынша әкімшілік шара көзделгендігін ескертеміз.
Төтенше жағдай орын алғанда 101 немесе 112 телефонына хабарласыңыздар!
Құрметті аудан тұрғындары! Жоғарыда аталған ережелерді сақтаңыздар. Сонымен қатар Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде 31-2-07 сенім телефоны жұмыс жасайтынын ескертеміз.
Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!