Еңбек ауылындағы №149 сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың қарасы қалың. Өйткені мұндағы әрбір тұрғын елдің, ауданның, ауылдың дамуы үшін өтіп жатқан саяси науқанның маңызы зор екенін жақсы біледі. Сайлау учаскесіне келіп, дауыс бергендердің қатарында “Еңбек жер” шаруашылық ұжымы да бар.
“Барлығымыз еліміз үшін маңызы зор саяси науқанда өз таңдауымызды жасадық. Еліміз әрі қарай дамуы үшін бұл сайлаудың маңызы зор” деген ұжым мүшелері әрбір тұрғынның саяси науқанда белсенділік танытуы маңызды екенін жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!