Аудан әкімі Асқарбек Есжанов №128 сайлау учаскесіне барып, халықпен бірге өз таңдауын жасады. Мұнан кейін өңір басшысы Асқарбек Темірбекұлы аудан орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкеге барып, тауарлар бағасымен танысты.
Айта кетейік, Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келген саяси науқан Жалағаш ауданында жоғары деңгейде өтуде. Орталық алаңда бірнеше қара үй тігіліп, жергілікті өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарлама да сайлаушыларға, жалпыхалыққа көтеріңкі көңіл-күй сылауда.
Мұнан бөлек аудан орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі де ұйымдастырылған. Онда күріш, картоп, қырыққабат, сәбіз, пияз, асқабақ сынды 30-ға жуық ауылшаруышылығы өнімдерінің түрі нарықтан 15-20 пайызға арзан сатылуда. Бас-аяғы жәрмеңкеге 15 млн теңгені құрайтын 50 тонна өнім қойылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!