Азаматтардың өтініштеріне жедел кері байланыс орнату мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және қызмет алушыға бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру негізінде EgovKzBot2.0 телеграм боты іске қосылған.
Аталған боттың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелербойынша халықпен жедел кері байланыс орнату және туындаған сұрақтарға толыққанды ақпарат ұсыну.
Агенттіктің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Осы тұста, қызмет алушылар бірқатар қызметтер бойынша онлайн анықтамалар алу үшінұялы телефонға Telеgram мессенджерін жүктеп, EgovKzBot2.0 телеграм боты арқылы Уәкілетті органға өтініш батырмасын басып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына немесе бюрократиядан арылту мәселелері бойынша ұсыныстарын жолдай алады.
Сондай-ақ, уәкілетті органға қандайда бір шағымы болса қызмет алушыға қатысты толық ақпаратты көрсете отырып, шағымды толыққанды баяндай алады.
Бүгінгі таңда, Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті жыл басынан бері аталған телеграм бот арқылы келіп түскен 18 азаматтың жолданымына тиісті түсіндірмелер берді.
Осыған байланысты қызмет алушылардыңқұқықтары бұзылған немесе мемлекеттік қызмет көрсету саласында сұрақтар туындаған жағдайда Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментіне немесе EgovKzBot2.0 телеграм бот– платформасына жүгіне алатындығыңызды есіңізге саламыз.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс1.
Байланыс нөмерлері: 8(7242) 70-56-36, 70-00-40.
Е.Ж. МЕНДАЛИЕВ,
Департамент басшысы
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!