Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сейсенбі, 13 мамыр, 04:37

«Таза қол- денсаулық пен қауіпсіздіктің кепілі»

12.05.2025

17

0

Адамның қолы – ең жиі пайдаланатын және мироб ең көп жиналатын дене мүшесі. Көп жағдайда бактериялар мен вирустар дәл қол арқылы жұғады. Соңдықтан қолды дұрыс және жиі жуу – жұқпалы аурулардың алдын алудың қарапайым әрі тиімді әдісі.

Қол жуудың маңыздылығы:

Жұқпалы ішек инфекциялары, тұмау, короновирус, гепатит А секілді аурулар көбіне қол арқылы таралады. Медициналық мекемелерде, асханада, балалармен, науқастармен жұмыс істейтін адамдар үшін бұл –күнделікті жауапкершілік.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша дұрыс қол жуу арқылы аурудың 30-50 пайыз алдын алуға болады.

Қолды қашан жуу қажет:

– Тамақ ішер алдында және дайындағанда.

– Дәретханаға кіріп-шығарда.

– Балалармен, науқаспен қарым қатынастан кейін

– Қоғамдық орыннан, көліктен кейін

– Қоқыс немесе лас заттармен жұмыс істеген соң

Қолды жуу ережесі:

1. Қолды жылы сумен сулау

2. Сабын жағып, кемі 20 секунд жақсылап ысқылау

3. Саусақ арасы, алақан, тырнақ асты мұқият жуылуы керек

4. Таза сумен шайып, бір реттік майлықпен немесе таза сүлгімен сүрту

Қол – денсаулықтың айнасы. Гигиена – тек жеке жауапкершілік емес, бұл- қоғамдық мәдениеттеің белгісі.

Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: