Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Сенбі, 02 қараша, 13:45

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖОЛДАУ

28.09.2022

705

0

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнап, ел дамуының бағыт-бағдарын айқындап берді.

Жолдау Президенттің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына негізделген Жаңа да Әділ Қазақстанды құру жөніндегі саяси шешімдерінің заңды жалғасы болып табылады. Яғни, еліміздің жаңа кезеңге жалпыұлттық референдумдағы саяси жаңғыру арқылы қадам басуы енді экономикалық өзгерістермен ұласуда.

Аталған Жолдауды насихаттау мақсатында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы Гүлзат Құрманбаева Далдабай Жалтынов елдімекенінің тұрғындарымен кездесті.

Келелі кездесу барысында Жолдаудағы негізінен әлеуметтік – экономикалық реформаларды жүзеге асыру жолдарын қамтитын 5 бағдары бойынша насихаттау жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: