Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында Партияның «Таза Қазақстан» жобасы аясында 12 – тамыз Халықаралық жастар күні мерекесіне орай аудандық қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген ерікті жастарымен кездесу болып өтті.
Кездесуде «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы – шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, ауданымыздағы жастар саясатымен қоғамдық жұмыстарда ерікті түрде жұмыс жасап жатырған жастардың жұмыстарына тоқталып, белсенді жастарға партия қай кездеде қолдау көрсетуге дайын екенің, болашақта жастардан зор үміт күтетінін жеткізді .
Сөз алған «Жастар Рухы» Жастар қанаты Жалағаш аудандық бөлімше жетекшісі Ахметжамиев Асхат Ғалымжанұлы аудандағы жастар саясаты бағытында атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, аудан жастарымен мемлекетіміздің өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жұмыс жүргізетінің жеткізді.
Ауданымыздың белсенді жастарына Жастар бастауыш партия ұйымына қайтарылатын нысаналы трансферт қаржысы есебінен заттай сыйлықтармен бірге алғыс хаттар табысталды.
Шара соңында белсенді жастардың бірі, Жалағаш ауданының қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Төлеутай Әбзәли Бозжанұлы жастарға қолдау көрсеткені үшін партияға өз алғысын білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!