Жалпы сыбайлас жемқорлық көрініс тапқан қоғамда ешқандай даму үдерісі болмайды. Сондықтан онымен күрес шаралары мүлде толастамауы тиіс. Керісінше онымен күресте белсенді жұмыс жасаған абзал.
Кез келген дамыған елдерде оң нәтиженің қалай қалыптасқанына көз жүгіртсек, бірінші кезекте оған басты себеп сол елдегі сыбайлас жемқорлықпен қатаң күрес шаралары болғанын аңғара қоямыз. Қазақстан қазірдің өзінде дамушы елдер сапында. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде мемлекеттің басты саясаты десе де болады.
Қазақта «тегін ірімшік тек қақпанда, оңай олжаға кенелуді көздеген опық жейді» дегенқанатты сөз бар. Мұның өзі сыбайлас жемқорлықтың кез келген адамға пайда әкелмейтінін аңғартып тұрғандай. Сондықтан біз одан мүлде ада болуымыз керек. Әрбір адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өзінен бастаса, қоғамдағы түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылар еді.
Ата-бабамыз бізге өзінің өнегелі өмірімен адалдықты, тазалықты өсиет етті. Біз алдыңғы буыннан алған тәрбиеміз арқылы кейінгі буынға да қоғам дертінің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріп, одан аулақ болуға шақыруға міндеттіміз. Өйткені тәуелсіз Қазақстанның ертеңі бүгінгі жас юуынға тікелей тәуелді. Міне, осы ретте өзіміздің бойымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыра отырып, жастардың да қоғам дертіне шалдықпауына жұмыс жасаған дұрыс.
С.Салманов,
Жалағаш аудандық қазынашылық
басқармасының бас маман-бас қазынашысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!