Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сейсенбі, 16 сәуiр, 07:21

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады

15.03.2024

218

0

Қазақстанда мектеп оқушылары көктемгі каникулда 11 күн демалады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.

Үшінші тоқсанның көктемгі демалысы 21-31 наурыз аралығында он бір күнге созылады.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының көктемгі демалысын және бос уақытын тиімді өткізу әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік көктемгі каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеуде Біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге алуды ұсынады.

Мектепішілік іс-шара жоспарына «Еңбегі адал жасөрен» жобасы аясында табысты тұлға тақырыбында сынып сағатын, «Үміт сәулесі» акциясын өткізу, «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында домбыра party фестивалін, «Бәрі де ана бір өзіңнен басталады», «Атадан өсиет, анадан қасиет» тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу, «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» тақырыбында мата, жүн, былғары, киіз, ағаш, жіп, қағаз, сазбалшық және тағы басқа заттардан қолөнер туындыларын әзірлеуден байқау өткізу, құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.

«Сонымен қатар балалардың демалыс уақытындағы қауіпсіздігін сақтау және олардың құқықтық қорғалу шараларын күшейту керектігін ескеру маңызды. Осы іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі», – деді оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басқармасының бас сарапшысы Самат Жұмабеков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: