Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жұма, 19 сәуiр, 23:30

Ұстаздарға құрмет көрсетілді

05.10.2022

646

0

Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасап жүрген ұлағатты ұстаз есімі – қашан да ардақты.

Кеше аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде аудандағы білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынды аудан әкімі Асқарбек Есжанов ашып, еркін елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпаққа кемел білім мен кенен ғылым нәрін сусындатқан ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.

– Жүрек қағысы соғып тұрған әрбір пенденің «Ұстаз» деген есімді естіген кезде өзін шәкірт сезініп кетері хақ. Сондықтан да бүгін ұстаздардың алдына шығып, сөз сөйлеу оңай болмай тұр. Кемшілігі болса, шәкірт ретінде кешірерсіздер. Әрине, қазақта керемет сөз бар. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген. Себебі, ұстаз – қасиетті де киелі есім. Жалпы ұстаз атауымен біз өмірдегі адалдық пен имандылықтың, парасаттылық пен өнегеліліктің қайнар көзін ұштастырамыз. Ұстаз болу өміріңнің мәні мен мағынасы десек артық айтқандығымыз емес, – деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Жиында саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, біліммен сусындатқан бірқатар мұғалімдер «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің Алғысымен, ҚР Салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы

«Құрмет грамотасымен», облыс әкімінің, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Салтанатты шарада бірқатар білім беру саласының қызметкері 2021-2022 оқу жылының қорытындысымен шебер, тәлімгер, ізденімпаз, білікті, парасатты, зияткер, жаңашыл, шығармашыл, креативті мұғалім номинацияларымен, ізденімпаз меңгеруші, шығармашыл әдіскер номинацияларымен марапатталды.

Кәсіби мереке иелеріне аудан әкімінің ықылас гүлі табысталды.

Мерекелік шара аудандық мәдениет үйі, əуез мектебі көркемөнерпаздарының, мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: