Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сенбі, 27 шiлде, 07:18

Жаңа жылдан бастап шәкіртақы қанша пайызға өседі?

16.11.2023

466

0

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылға дейін бакалавриат шәкіртақысын жыл сайын 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысын жыл сайын 15 пайызға арттыру жоспары бар екенін жеткізді, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жауапты мекеме пайыздық мөлшер 2024 жылы мынадай ақша жиынтығын көрсететінін айтты:

  • бакалавриат – 47 135 теңге (педагогикалық бағытта – 75 600 теңге);
  • магистратура – ​​107 061 теңге;
  • докторантура – ​​240 000 теңге.

Министрлік бұл үрдісті 2025 жылға дейін сақтаудың себебін былай түсіндірген болатын:

«Осы мүмкіндіктер сақталады. 2025 жылға дейін шәкіртақыны өсіреміз. Мақсатымыз — оқытушыларымыздың, профессорларымыздың, Phd-докторанттарымыздың, студенттеріміздің шәкіртақыларын өсіріп, еңбек нарығын орташа және жоғары деңгейге келтіру. Неге десеңіздер, қазіргі таңда ұстаздардың жалақылары өсті. Біз соңғы екі жылда 3 мыңнан астам профессорымызды жоғалтып алдық. Олар мектептерге кетті. Себебі мектепте жалақы жақсы», делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: