Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сейсенбі, 30 сәуiр, 21:19

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

26.02.2024

927

0

Бүгінде елімізде 2 миллион 343 мың зейнеткер бар. Оларға биылғы екі айда 306 миллиардтан аса теңге зейнетақы төленген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы көрсеткіштер негізінде орташа зейнетақы мөлшерін атады, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

«2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді. Базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 миллиард теңге жұмсалды», делінген министрлік хабарламасында. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: