Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 13:02

Жаңа жылдан бастап қандай төлемдер өседі?

24.10.2023

1730

0

Қазақстанда  2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды  Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлемдерді 7 пайызға арттыру көзделгені жазылған.

Бұл өсім еңбекке қабілеттілігі жоқ 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасыны қамтиды. Бұл мақсаттарға 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Айта кетейік, Әлеуметтік кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін төлемдердің көлемін жыл сайын арттырып отырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: