Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сәрсенбі, 24 сәуiр, 14:17

«САМҒАУ» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛЕДІ

04.11.2020

601

0

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов мәлімдеді. Қызылорда қаласының жастарына арналған «Самғау» сыйлығы бұған дейін 8 жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. 9-ыншы рет ұйымдастырғалы отырған байқауға Қызылорда қаласынан 80 жас марапатталған.

    «Самғау» сыйлығына құжат қабылдау 2 қараша мен 23 қараша күндері аралығында жүргізіледі. Ереже талаптарына сәйкес сыйлыққа үміткер ретінде 14 пен 28 жас аралығындағы Қызылорда қаласының кез келген жастары қатыса алады және арнайы құрылған комиссия қорытындысымен лайық деп табылған 10 жасқа 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.

   –  «Самғау» жастар сыйлығы – 10 аталым бойынша, яғни білім мен ғылым, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, өндіріс салаларында табысты еңбек етіп, өз саласы бойынша жоғары көрсеткіштерге жетіп жүрген және ерен еріктілік танытып, бейбіт күнде батырға тән ерлік көрсеткен жастарға табысталады. Сонымен қатар, қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеяларына басымдық беріліп, жаңашыл бастамалары есепке алынады, – деді қала әкімнің орынбасары А.Есжанов.

Айта кетейік, қатысушының жетістіктері соңғы 3 жыл көлемінде болуы шарт және осы сыйлыққа деңгейлес байқауларда жеңімпаз атанған азаматтар қатыстырылмайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: