Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жұма, 13 желтоқсан, 00:44

Жаңадариялықтар белсенділік танытуда

05.06.2022

507

0

Бұған дейін Елбасының Жолдауындағы саяси өзгерістер мен нақты ұсыныстарға құлақ түрген кезде ел мен биліктің арасын жақындатуға тырысқан президенттің бұл саясатына қайран қалдық, көңіліміз көтерілді. Енді міне сол Жолдаудағы айтылған келелі мәселелер жүзеге асырылуда. Қолға алынған шаруалар да аз емес, нәтижесі де көңілге қонымды. Әсіресе бүгінгі өтіп жатқан Конституциялық референдумның маңызы өте жоғары.

Адам құқығы мен бостандығы басты құндылық болса, бұл реформа аясында осы құндылық күшейіп, көптеген заң жобалары қабылданбақ. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы алғашқы баспалдақ екенін таным-түйсігімен түсінген әрбір қазақстандық өз таңдауын жасауы керек. Бүгінгі науқан таңазанымен басталды. Әр участіктің тынысын байқап көрген біздер халықтың белсенділігін байқадық. Бұл дегеніңіз әр азаматтың ел болашағынан зор күтумен қатар, сол жарқын болашақты бірге жасайтынымды түсінгенінің дәлелі. Қуантарлығы, ауданға қарасты шалғай ауылдарда да тұрғындар белсенді түрде дауыс беруде. Мәселен Жаңадария ауылындағы №152 сайлау учаскесі сайлау комиссиясының төрағасы Е.Жүсіпбековтың айтуынша, ауылда 300-ден аса сайлаушы болса, осы уақытқа дейін 150-ге жуық тұрғын дауыс беріп үлгеріпті. Ал ең қарт сайлаушы, ауыл тұрғыны, ардагер ұстаз Жақсылық ағай болса осы референдумнан кейін елде жағымды жаңалықтар мен жаңаша бетбұрыстар орын алатынына сенімді.

–Ата Заңға өзгеріс енгізіледі дегенді естігенде, газеттерді ақтарып, жаңалықтарды тыңдадым. Барлығын түгелдей қарап шықтым. Не өзгереді, қалай өзгереді деген сияқты. Реформаның 5 бағытымен де таныстым. Көңіліме қонды. Қазақстандықтар қалағаны да осы еді. Біздің елге үлкен өзгеріс керек болған. Енді бүгін сол үшін мүмкіндік туып отыр. Ел Президенті жасағалы отырған жаңа Қазақстанды құруда әрбіріміздің атсалысуымыз, қолдау көрсетуіміз маңызды екенін түсінсек.  Мен де бүгін дауысымды бердім. Елдің болашағы үшін жасалатын әр игі істе қолдаушымын, – дейді ардагер ұстаз.

«Бүгінгі науқанда ең жас сайлаушы ретінде өз дауысымды беріп, таңдауымды жасадым. Осы елдің ертеңін жасайтын жастардың қатарында болғандықтан кез келген өзгерісті, әсіресе жарқын болашақ үшін жасалатын ауқымды жұмыстарды оң қабылдаймын. Бұл біз үшін өте маңызды, реформаның аясында қанша заң өзгертілгелі тұр. Кемшін тұстарымыз толықтырылмақ. Бүгінгі сайлауда дауыс берген әр адам бүкіл ұлттың, елдің болашағына атсалысып жатқанын түсінуі керек» деген ауылдағы ең жас сайлаушы Нұртуған Мәжитұлы да таңдауын жасапты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: