Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сенбі, 07 желтоқсан, 17:12

30 маусымға арналған ауа райы болжамы

30.06.2022

458

0

Синоптиктер бейсенбі күні ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді: еліміз бойынша жел күшейіп, жаңбыр жауады, оңтүстік өңірде аптап ыстық болады.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағайлы жаңбыр, солтүстікте, шығыста бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады», деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжауынша, күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Алматы облыстарында, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: