Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Жұма, 29 наурыз, 12:03

9.00-де 146 сайлаушы дауыс берген

31.07.2022

502

0

М.Шәменов ауылдық окугі әкімін сайлау науқанының басталғанына да 2 сағат болды. №133 сайлау учаскесіне 9.00-ге дейін 146 сайлаушы, яғни төрттен бірі дауыс беруге келген. Жалпы саяси науқанға қатысушылар саны – 608.

Таң атысымен бүгінгі күннің маңыздылығын жақсы түсініп, үйдегі малын жайғап, қора-жайдың тіршілігін оңдаған ауыл ағасы Пірманов Нұрлан науқанда өз таңдауын жасау үшін сайлау учаскесіне келіпті.

– Ауылымыздағы жасалып жатқан әрбір істің берекелі болатынына сенемін. Ауылымыз үшін бүгінгі күн өте маңызды, сондықтан ауыл халқын саяси науқанда белсенділік танытуға шақырамын. Жалпы кандидаттар, кандидаттардың сайлауалды бағдарламарымен ақпараттық құралдар арқылы етене таныспыз. Саяси науқан әділ, ешқандай тежеусіз, жақсы көңіл-күйде өтіп жатыр. Науқанды ауыл халқы болып абыроймен өткізуге тілектеспін,– деп жақсы ниет білдірді ауыл тұрғыны.

Айта кетейік, дауыс беру бекітілген учаскеде сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар әзірге анықталған жоқ, арыз-шағым да түспеген.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: