Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Бейсенбі, 09 мамыр, 18:15

Әбиба Әбужақынованы алтынға жеткізбеді

02.03.2024

136

0

Ташкенттегі «Үлкен дулыға» турнирінде дзюдошы Әбиба Әбужақынова финалда сүрініп қалды. Басты жүлдеге бір табан қалғанда алтынды ресейлік спортшы жұлып кетті.

48 келіге дейінгі финалда Әбужақынова ресейлік Сабина Гилязоваға қарсы бақ сынады. Финалда жеңілген ел спортшысы күмісті місе тұтты.
Алайда, халықаралық турнирлерден қатарынан қола қанжығалаған Әбиба Әбужақынова күміске қол созып, бұл жолы жеке көрсеткішін жақсартты.
Айта кетейік, Ташкентте өтіп жатқан турнирде Қазақстан намысын 25 спортшы қорғайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: