Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Бейсенбі, 05 желтоқсан, 18:43

Әйел – отбасының қазығы

07.12.2023

912

0

Әлемдегі ең сұлу әйел - қазақ әйелі | “Адырна” ұлттық порталы

Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдің қоғамдағы орны қай заманда да ерекше. Себебі ер азамат шаңырақтың иесі, ал әйел отбасының алтын қазығы. Оның жағдайы, амандығы, тыныштығы қоғам алдындағы негізгі міндет болуы тиіс.

Ұлы Даланың қойнауында көшіп-қонып жүрген уақыттарда әйелдердің рөлі бала тәрбиесі мен үй шаруашылығымен айналысумен ғана шектелген. Ол кездегі қазақ қоғамында әйелдердің мүмкіндіктері барлық жағынан шектеулі болды. Сонымен қатар әртүрлі бағыттағы тыйымдарға мойынұсынып, сол врқылы өмір сүргендерін біздер жоққа шығара алмаймыз. Ал Әйелге қойылған талаптардың қазақ қоғамында бірте-бірте реттеліп, қоғамға тікелей ықпал еткен қазақ зиялылары болды.Анығырақ Қазақстаннның қоғамдық өмірінде өшпестей із қалдырған, әйелдердің қоғамдағы орны тек үй шаруасымен шектелмейтінін көрсетіп, қоғамдағы орнын көрсеткен отандық тарихымыздың Асқар тау белесі Алаш қозғалысы болатын.

Қазір біздің қоғамда баяғы дәстүрдегі«әйелдің орны ошақ қасы», «еркек сөйлеп жатқанда сөйлеме» тағы да басқа айтылатын рухани кедергілердің әлі де барын көзбен көріп те жүрміз. Тіпті етіміз үйреніп те кеткен. Алайда көзі ашық көкірегі ояу болу нәсілге қараған емес, қарамайды да. Себебі қазір қоғамда белгілі бір мекемеге басшылық етіп жүрген, сабақ беріп, ұстаздық етіп жүрген, одан қалды көлік мініп шаруашылықпен айналысып жүрген әйелдер де жетерлік.

Қоғамдағы отбасы құрған жастар арасындағы кикілжіннің көбісі осы мәселеге тіреліп жатыр. Отбасында әйелмен кеңесіп, оның көзқарасымен, ойымен санаспайды. Тіпті, психологиялық та, физикалық түрде де күйеуінен зәбір көріп жүрген келіншектердің саны да артуда. Одан қалды әйелін тек туыс-туғандарымен араластырып, жұмысжасатпай үйге қамап қоятын ер азаматтар да өкінішке орай баршылық.

Негізінде отбасындағы теңдік ол әйелге көрсетілген құрметтің белгісі. Себебі әйел адам – отбасының ұйытқысы, берекесі. Ғабит Мүсірепов айтқандай «Қазақ әйелі аз ғана жәрдем бергеніңді ұмытпайды, тез еселеп қайтаруға тырысады».Әйелге көрсетілген өолдау күллі әлемді өзгертуге себін тигізері анық.

Расында қазіргі қоғамда біз сол санамыздағы шындыққа жанаспайтын кеселден құтыла алмай жүргеніміз бар. Әлемде өзге елдер ел экономикасын көтеріп, даму жолында күресіп жатса, біздің ел әлі күнге дейін қоғамдағы әйел дәрежесін орнықтырумен күресіп жатқандығымыз қынжылтады.

Г.БАЙКЕНЖЕЕВА
Жалағаш аудандық сотының жетекші маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: