«AMANAT» партиясы жанынан республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында 216 мониторингтік жұмысшы тобы құрылған болатын. Аталмыш топ партияның аудандық филиалы жанынан құрылып, Жалағаш кенті орталығындағы азық-түлік сауда үйлеріне мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг жұмыстары барысында Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сатылымдағы бағаларына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ондағы ахуалмен егжей-тегжейлі танысып, жеке кәсіпкерлік субьектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерінен асырмау жөнінде ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта Жалағаш ауданы аумағындағы сауда орындары мен базарларда азық-түлік бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!