Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 03 ақпан, 21:45

Әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мәселелер қаралды

03.02.2025

9

0

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтың төрағалығымен әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Жиынға кент және ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында отбасының цифрлық картасына қатысты «D» және «Е» санаттарындағы отбасыларды азайту, аудан бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылуы, «NEET» санатындағы жастармен жұмыс мәселелері айтылды.

Аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов тиісті сала басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне сақтандырылмаған тұрғындар үлесін азайту, әрбір азаматтың МӘМС жүйесіне қамтылуы керек екенін жеткізіп, күн тәртібіндегі мәселелер төңірегінде бірқатар тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: