Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Сәрсенбі, 08 қаңтар, 02:22

Аймақ басшысы Арал ауданындағы аспалы көпірдің құрылысын көрді

06.01.2025

114

0

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал ауданына жұмыс сапары кезінде аспалы көпірдің құрылыс барысын көрді. Ұзындығы 940 метр көпірдің бас жобалаушысы «АлматыДорПроект», мердігер мекеме «РИТМ» серіктестіктері.

Аймақ басшысы аспалы көпір елге ұзақ жыл қызмет ету үшін құрылысты сапалы салу аса маңызды екенін айтты.

Бүгінде мұндағы көлік қатынасы бір ғана теміржол өткелі арқылы жүргізілуде. Өткел жабылғанда 2-2,5 шақырымға дейін автокөлік кептелісі пайда болады. Жедел жәрдем, өрт сөндіру, құқық қорғау органдарының кезек күттірмейтін қызметтік көліктеріне, тұрғындарға кедергі келтіруде. Көпір салынса осы мәселе шешімін табады.

Өткен жылы аймақтың жол құрылысын дамытуға 44 млрд. 703 млн. теңге бөлініп, 300 шақырымнан астам жол жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асты.

Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.Облыс аумағындағы 216 шақырымның 151 шақырымы аяқталып, пайдалануға берілді. Қосымша 30 шақырымына екі қабатты асфальт жабындысы төселді. Жұмыс қарқынды жүруде. Жоба биыл толық аяқталады.

Көлік-логистика саласында да жетістіктер көп. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңірімізге арнайы жұмыс сапармен келіп, «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалын салтанатты түрде ашты. Жобаны іске асыруға «Болат Өтемұратов қоры» 16 млрд. 600 млн. теңге инвестиция салды.Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн. теңгеден астам қаржыға теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға берілді.

Аймақ басшысы Арал ауданындағы аспалы көпірдің құрылысын көрді 1.jpg
Аймақ басшысы Арал ауданындағы аспалы көпірдің құрылысын көрді 3.jpg
Аймақ басшысы Арал ауданындағы аспалы көпірдің құрылысын көрді 2.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: