Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Бейсенбі, 25 сәуiр, 01:54

Айтыс ақындарының халықаралық одағы Қызылорда облыстық филиалы ашылды

29.07.2022

984

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттер сарайында «Ақын – елдің ардағы» атты Сыр елі айтыс ақындарының басқосуы өтті. Сонымен қатар, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Қызылорда облыстық филиалы салтанатты түрде ашылды.

Шараға айтыс ақындары мен жас шәкірттері қатысты.

Айта кету керек, қазақтың төл өнері айтысты жастар арасында насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу мақсатында университетте «Алтын домбыра» орталығы жұмыс істейді.

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Одақ филиалының студенттер сарайында орналасуы жас ақындардың шыңдала түсуіне үлкен мүмкіндік болмақ.

Kyzylorda-news.kz.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: