Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Сәрсенбі, 09 қазан, 12:29

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарған жұмыстары

31.01.2023

541

0

Халықаралық саяси жүйеде ролі мен маңыз-міндетіне сәйкес партиялардың маңызды роль алатыны белгілі.
«AMANAT» партиясының жұмысы күннен күнге дамып, қоғам тынысындағы күрмеуі қиын мәселелерге партияның араласуы арқасында көптеген мәселелер оң шешімін табуда.
«Өзегерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты Сайлауалды бағдарламаның Жалағаш ауданы бойынша Жол картасы 87 іс-шарадан тұрады. Жол карта қазіргі таңда 82-і яғни 94,3 пайызы орындалса, 5 іс-шара яғни 5,7 пайызының мерзімі бар. Жол карта бойынша орындалмау қаупі бар шаралар жоқ.
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестер 2022 жылы 25 отырыс өткізіп, 41 мәселе қарап атқарушы орган басшыларына 123 ұсыныс
«AMANAT» партиясының Жалағаш аудандық филиалы халықпен етене араласып, азаматтардың талап-тілектерін, шағымдары мен мұң-мұқтаждарын дер кезінде ескеріп, көптеген мәселелердің түйінін тарқатып, орнықты жауап қайтарып келеді.
Аудандық партия филиалы арыз-шағымдарды қарауда құқықтық теңсіздік пен ел ынтымағына, халық бірлігіне селкеу түсіретін жайттардан аулақ болып, әділдікті ту етіп, тағдыр тауқыметін тартқан азаматтардың өміріне араласып, заң аясында кеңестер беріп, партия беделін асқақтата түсуде.
Партияның маңызды жұмысының бірі қоғамдық қабылдау. Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұртшылықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір көпір болып табылады. 2022 жылдың 12 айы бойынша 99 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 288 тұрғынның өтініші тіркеліп, 175 мәселе яғни 60,7 пайызы оң шешімін тапқан. Қалған 113 мәселе заң аясында құқықтық кеңестермен толықтырылды.
«AMANAT» партиясы қызметінің саяси тұғырнамасы бүгінгі таңда нақты да бір әлеуметтік топтармен жүргізілетін жұмыстар түбегейлі түрде жаңарып, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарына, көрнекті нәтижелерге сүйене отырып құрылған.
Біз түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыруға, демократиялық қағидаларға негізделген Жаңа Әділетті Қазақстанды құрудамыз.
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы ел игілігі жолында қабылданған бағдарламаларды жүзеге асыруға өз үлесін қосады деп нық айтуға негіз бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: