Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Сейсенбі, 21 қазан, 14:44

Ас дайындаудың шебері

21.10.2025

8

0

Ләззат Сүгірова 1980 жылдардың басында аспаз болып еңбек жолын бастады. Сол уақыттан бері ас дайындаудың шеберіне айналды. Бүгінде аудан орталығындағы №19 санаторлық бөбекжай-бақшасының бас аспаз болып абыройлы еңбек етуде.

Ол бұл балабақшаға 1990 жылы жұ­мыс­қа орналасты. Сол уақыттан бері ар­тылған сенімді ақтап, мұндағы ба­ла­­лардың асына ұқыппен қарайды. Бас­шы­лық та оның осыған дейінгі жұмы­сын жоғары бағалап отыр.
– Біз осы балабақшада 35 жылдық еңбек өтілі бар Ләззат Исмайылқызымен мақтанамыз. Бір мекемеде ұзақ жыл еңбек ету екінің бірінің қолынан кел­мей­­ді. Ал ол осынша уақытта мұндағы ба­­ла­­ларға дәмді ас дайындап, абы­рой­ға бөленді. Қасындағы тағы екі кө­мек­­ші ас­пазбен балаларға алты мез­гіл ас әзірлейді, – дейді №19 сана­тор­­лық бө­бекжай-бақшасының меңге­ру­шісі Жа­нат Төлешқызы.
Кейіпкеріміздің күнделікті жұмысы та­ңертең сағат 7:30-да басталады. Таңер­теңнен кешке дейін осындағы ба­ла­ларға 6 мезгіл ас әзірлейді. Бала­лардың таңғы асы 8:20-да дайын болуы керек. Ал түскі асқа 2 түрлі тағам тағы әзірлейді. Мұнан кейін бесін ас, кешкі ас балаларға рет-ретімен әзірленеді. Осы жұмыстардың барлығында Ләззат Исмайылқызы сыр берген емес. Бұл сөзімізге 35 жылдан бе­рі балалардан немесе ата-аналардың олардың тұтынатын асына қатысты еш­қандай арыз-шағым түспеуі дәлел.
Бас аспаз жұмысына аса ұқып­пен қарайды. Мәселен, аспаздың он­күн­­­­дік ас мәзірі бар. Бір күні бері­ле­­тін тағам сол он күннің ішінде қай­­­­та­­­­­ланбауы керек. Осыдан-ақ бұл ба­ла­­­­­­­бақшаның балалардың асына қан­­­­­дай ұқыппен қарайтынын бағамдай беріңіз. Ал әр әзірленген астан күн­де­­лікті сынама алынады. Мұның бәрі сақ­­тық шараларында маңызды рөл ат­қа­­ратыны айтпаса да түсінікті. Мәсе­лен, ер­тең осындағы балалардың бірі­нің ден­саулығы сыр берсе, олардың тұты­натын асынан ба, әлде басқадан ба, сол жағына көз жеткізу үшін алынады. Әзір­ге балабақшада мұндай жағдайлар орын алған жоқ.
– Осында 35 жылдан бері еңбек етіп келемін. Сол уақыттан бері ата-аналар болмаса балалар тарапынан ешқандай шағым болған жоқ. Біз балалардың тағамын әзірлеу кезінде жауапкершілікті бірінші орынға қоямыз. Өзіміз де ата-анамыз, сондықтан әрбір баланың ден­сау­лығы біз үшін маңызды. Мейлінше олардың құнарлы ас ішуін қамтамасыз етеміз. Өзім осы аспаз мамандығын оқы­дым, аспаз болуды мақсат еттім. Шү­кір, бұл салада жалпы 40 жылдық тәжі­рибем бар. Осынша уақытта ас да­йындау ісінде қаншама тәжірибе шың­да­дым, – дейді кейіпкеріміз.
Айта кетейік, №19 санаторлық бө­бек­жай-бақшасы 90 орынға лайықтап салынған. Бүгінде мұнда 85 бала тәлім алады. Олардың тәлім-тәрбиесіне 18 педагог жауапты. Мұнда балалар 1,5 жастан бастап қабылданады. Қазірдің өзінде 4 топ бар. 2-3 жас аралығындағы балалар кіші топта болса, 3-4 жас ара­лы­ғын­дағы тағы ортаңғы топ бар. Ал 4-5 жастағы балалардан құралған ересек­тер тобы тағы бар.
Ләззат Исмайылқызы мұнда бала­лардың асына ерекше мән берілетінін айтады. Тіпті оларды әзірлеуге арналған азық-түлік өнімдерінің сапасына да ұқып­пен қарайды. Әзірге азық-түліктен ешқандай мәселе жоқ, тіпті асханадағы құрал-саймандар да уақытылы жаңар­тылады. Апталық азық-түлік өз қойма­ларында сақталады. Қажетті заттарға алдын ала тапсырыс беріліп, құнарлы өнім­дер жеткізілуде.
– Балалардың күнделікті асын да­йын­­дау да оңай шаруа емес. Олардың ере­сектерге қарағанда иммунитеті әлсіз болып келеді. Сондықтан күнделікті тұты­натын асының құрамына аса ұқып­пен қараймыз. Сағат 7.20-дан бас­тап олардың кешке дейін уақытылы та­мақ­тануын қамтамасыз етеміз. Қазір 85 бала бар, әр топтың өзінің ас ішетін уақыты болады, сол кесте бойынша ас әзірлейміз, – дейді тәжірибелі аспаз.
Саналы ғұмырын өз мамандығына арнап, сол жолда абыройға бөленген кейіп­­керіміз бүгінде балаларынан не­мере сүйіп, әже атанып отыр. Отба­сын­­да да бала тәрбиесіне жауап­кер­ші­лікпен қарайтын Ләззат Сүгірова осы ме­­кемеде балаларға қызмет жасап жүргеніне еш өкінбейді. Өйткені ол аспаз болуға бел буды, сол жолда көп ізденді. Қазір 40 жылдан бері сол мамандығы бойынша табанды еңбек етуде. Оның аспаз саласындағы еселі еңбегі кейінгі буынға үлгі болары анық.

К.ҚАЙРАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: