Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 12 желтоқсан, 10:25

Асхат Аймағамбетов: 1-сынып оқушылары тек ана тілінде білім алады

01.08.2022

881

0

Оқу-ағарту министрлігінің бұл жаңалығын депутаттар да құп көріп отыр. Бұған дейін бір топ сенатор осыған қатысты үкіметке депутаттық сауал да жолдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенатор Мұрат Бахтиярұлы, бастауыш сыныпта бала тек ана тілінде ғана білім алуы керек, дейді.

«Миы әлі қалыптаспаған кішкентай ғана 6-7 жастағы баладан бірден ана тілінен бөлек орыс, ағылшын тілін оқыту бірде-бір мемлекетте жоқ. Мен әлемнің бүкіл дамыған мемлекеттерінің білім жүйесін қарап көрдім. Соның ішінде екі тілді бірінші сыныптан оқытатын екі-ақ ел бар екен. Екінші сыныптан 4 мемлекетте бар екен. Мұны біз депутаттық сауал ретінде 17 сенатор қол қойып, үкімет басына жібердік Сәуір айының аяғында бір топ депутат бұны тағы да көтердік. Үкімет бұны қолдады», – дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы.

Тілтанушы ғалымдар, ой мен сана жүйесі әлі толық қалыптаспаған балаға үш тілді қатар үйрену қиынға соғатынын айтады. Сондықтан әріппен енді танысқан бүлдіршінге бірден қос шет тілін оқытудың қажеті жоқ, дейді.

«Ана тілінің сөйлеу әрекетін 1-2 сыныптың соңында меңгеріп бітеді. Сол кезде біз айтамыз бала ана тілінің төл сөйлеу әрекетін біледі. Өз жас деңгейінде меңгереді деп айта аламыз. Осыларды меңгермей жатып, Өзінің ана тілін меңгермей жатқан балаға келіп ағылшын тілін береміз. Сондықтан, ағылшын тілін 3-сыныптан енгізу ол дұрыс. Оған дейін ағылшын тілінің қажеті жоқ», – деді тілтанушы ғалым Таңат Аяпова.

Бұған дейін, бірінші сынып оқушылары ана тілімен қатар, орыс және ағылшын тілдерінде қаріп таныды. Зерттеулер осыдан 6 жыл бұрын енгізілген бұл жаңашылдықтың тиімсіз екенін көрсеткен. Оқу-ағарту министрлігі бұл тұста шетелдік білім тәжірибесімен қатар ғалымдардың зерттеуіне жүгінген.

«Бұл жерде біз білім саласының ең озық елі деп танылған Финляндияның тәжірибесін қарадық. Японияның, Қытайдың тәжірибесін зерттедік. Сонымен қатар ғалымдардың да пікіріне жүгіндік. Иә 6 жастағы бала үш тілді де меңгере алады. Тек біз қаншалықты оған қиын екенін ойлауымыз керек», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімов.

Бұл бастама баланың ең алдымен ана тілінде жазып, оқып үйренуіне бағытталған. Мысалы, қазақ тілінде оқытатын мектептің бірінші сыныбында сабақ тек қазақ тілінде өтеді. Екінші сыныпта орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Ал, орыс тілінде оқытатын мектептерге келсек, бірінші сыныпта орыс және мемлекеттік тіл, 3-сыныптан бастап ағылшын тілі қосылатын болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: