Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 06 желтоқсан, 19:18

Асқарбек Есжанов: Директордың қызметі 500 оқушының тағдырынан артық емес

17.02.2024

459

0

Директордың қызметі бала тағдырынан артық емес деп Қызылорда облысының білім басшысы Асқарбек Есжанов мәлімдеді.

ҚР Білім туралы заңында білім беру ұйым басшыларының жауапкершігі нақты бекітілген. Мектеп басшысы мекемеге жауапты бірінші тұлға ретінде орынбасарлардың жұмысын үйлестіруге, сапалы біліммен қамтамасыз етуге, қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, оқушы қауіпсіздігіне, олардың бас амандығына түрлі кедергілерге ұшырамауы үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға, ата-анамен байланыс орнату, педагогтардың кәсіби дамуына жағдай жасауға, педагогикалық әдеп нормаларын қатаң сақтауға міндетті. Заң бойынша жұмыс істемеген басшыларға қатысты шешімдер шығарамыз. Қазір де бастадық. Бізге 100 немесе 500 оқушының тағдырынан бір директордың қызметі артық емес, – деді Асқарбек Есжанов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: