«Астана – Жезқазған» бағытындағы Тальго пойызы Қызылордаға дейін ұзартылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
2025 жылдың 14 желтоқсаннан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго №65/66 «Астана – Жезқазған» пойызының бағытын Қызылордаға дейін ұзартады.
«Жаңа бағыт елдің орталық және оңтүстік өңірлерін тікелей байланыстырады. «Астана – Қызылорда» пойызы күнара қатынайды. Бұл бағытта бір сапарда 400-ден астам жолаушы тасымалданады», – деп жазылған хабарламада.
Компания хабарлағандай, бағытта жайлы Тальго вагондары қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 50% жеңілдікпен арнайы бейімделген орындар қарастырылған.
Бағыттың ұзаруы жол жүру уақытын стандартты пойыздардан 7 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еліміздің ірі өңірлері арасындағы көлік қатынасын тұрақтандырып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын едәуір арттырады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!