Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 00:54

Автокөлікке арнайы белгі жапсырмағандарға айыппұл салынады

29.11.2023

1094

0

Елімізде газбен жүретін автокөліктер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы белгі орнатуы қажет, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz

Сауда және интеграция министрлігі газ жабдығы орнатылған автокөліктерде арнайы белгі болмаса қанша теңге көлемінде айыппұл салынатынын айтты.

«Таңба газ жабдығымен жабдықталған автокөліктерге міндетті болғандықтан, ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабына сай 3 АЕК (10 350 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған», делінген министрлік хабарламасында.

Бүгінде Қазақстандағы 380 мыңнан астам автокөлікке газ жабдықтары орнатылған. Осы санаттағы көліктер жаңа жылдан бастап қара жиегі бар сары теңбүйірлі үшбұрыш, оның ішінде «GAS» деп жазылған, леп белгісі қойылған ерекше белгіні жапсыруы тиіс.

Бұл белгі автокөлік жабық тұрақтарға кіргенде қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында орнатылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: