Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Жексенбі, 21 шiлде, 23:30

АВТОКӨЛІКТЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗІДІГІН САҚТАЙЫҚ!

20.06.2024

355

0

Автокөліктерде өрт болған жағдайда автокөлік жүргізушілері өрт жағдайына әрдайым дайын болып, өртті ауыздықтау және адамдарды құтқару тәсілдерін менгеріп, ережеге сай автокөліктер өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс, ал жолаушы үрейге берілмеуі қажет.

        Сонымен қатар, әрбір азамат өртті немесе оның жану белгілерін (түтінді, күйік иісін, температураның жоғарылауын т.б) байқаған кезде:

  • 101 телефоны арқылы өртке қарсы қызметіне хабарлауға (бұл ретте объектінің мекен-жайын, өрт болған орынды, сондай-ақ өзінің аты-жөнін хабарлауы қажет);
  • Адамдарды көшіру, өртті сөндіру және материалдық құндылықтарды сақтау жөнінде шаралар қолдануға тиіс.

         Автокөліктен тоқ көздерінің жанған иісі шыққан жағдайда, сіздің ең бірінші әрекетіңіз автокөлікті жиекке тоқтатып, тоқ көзінен ажыратып, өрт сөндіргіш құралымен өртті ауыздықтау қажет. Автокөліктегі өртті сөндіруге арналған құралдың ең тиімдісі өрт сөндіргіш (огнетушитель), себебі қолыңызда өрт сөндіргіш құралы болған жағдайда өрттің өршуіне жол бермей, өртті дер кезінде жоюға, өміріңізге қауіп төндірмей, ауқымды шығын келтірмеуге өз әсерін көп тигізетіні айқын.

        Сондай-ақ автокөлікте электрмен дәнекерлеу және басқа отпен байланысты жұмыстарды жүргізуді нұсқаулықтан өткен, рұқсат құжаты бар мамандарға жасату ұсынылады.

Адам өмірі мен денсаулығын, меншікті өрттен қорғау, өрттің алдын алу, болдырмау мақсатында «өрт қауіпсіздік ережесі» талаптарының сақталуын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

ЖалағашауданыТөтенше

жағдайларбөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: